jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Атырау облысында жоғалған отбасы: ерлі-зайыпты өлі табылды

Жоғалған ерлі-зайыпты
Жоғалған ерлі-зайыпты. Коллаж: NUR.KZ

Атырау облыстық полиция департаменті жоғалып кеткен бүтін бір отбасыға қатысты жаңа дерек айтты. Ерлі-зайыпты өлі күйінде табылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Атырау облыстық полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне бұған дейін із-түзсіз жоғалып кеткен ерлі-зайыптының денесі Қызылқоға ауданынан табылғанын хабарлады. Отбасының қалған екі мүшесі іздестіліріп жатыр.

"Аталған дерек бойынша кісі өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер анықталды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оларды табу және ұстауға қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Әлеуметтік желі пайдаланушыларын тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге, сенімсіз және тексерілмеген ақпаратты таратудан бас тартуға шақырамыз", - делінген NUR.KZ сауалына берілген жауапта.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында полиция қызметкерлері жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бір отбасын іздестіріп жатқаны хабарланған еді. Полицияға ағасы мен отбасының бір айдан астам уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арызбен 25 желтоқсанда Атырау қаласының тұрғыны жүгінген.

Жоғалып кеткен отбасы мүшелеріне іздеу салынған, облыстық полиция департаменті жариялаған бағыттамаға сәйкес:

  • 1959 жылғы Қарабалин Мақсот Мұқанғалиұлы;
  • 1961 жылғы Өтешқалиева Нәсіп Бақытқызы;
  • 1990 жылғы Қарабалина Мирамгүл Мақсотқызы;
  • 1993 жылғы Мұқанғалиев Наурыз Мақсотұлы іздестірілген.
Атырау облысында жоғалған отбасы: ерлі-зайыпты өлі табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.