jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Тұман, көктайғақ: 9 қаңтарда синоптиктер Қазақстанның көптеген өңірінде ескерту жасады

Тұман
Тұман. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ертең, 9 қаңтарда Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК синоптиктері.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырауда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Шымкент қ.: 09 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі. Түркістанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Қарағандыда тұман күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының орталығында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, батысында екпіні 15 м/с.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда түнде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман күтіледі. Қызылорда қ: 09 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

Тұман, көктайғақ: 9 қаңтарда синоптиктер Қазақстанның көптеген өңірінде ескерту жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.