jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Атырауда жоғалған отбасы: күдіктінің анасы ұлы туралы айтты

ер адам
Ер адам. Көрнекі фото: masamasa3 / Getty Images

Атырауда жоғалған отбасында болған қанды қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін деген күдікке ілінген Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғынының анасы КТК арнасына сұхбат берді.

Телеарнаның хабарлауынша, Жангелдин ауылындағы жантүршігерлік қылмыс бойынша күдіктінің анасы соңғы рет онымен 11 желтоқсанда сөйлескенін айтады. Одан кейін хабарсыз кетіпті. Келіні психдиспансер есебінде тұрған көрінеді. Сол себепті балаларды өзі бағып-қағады екен. Ал күдікті мен әйелі Атырауда үй жалдап тұрған.

"Мен баламды өйтіп тәрбиелеген жоқпын. Балам тәртіпті. Ондай жолға барады деп ойламаймын. Құдай сақтасын, мүмкін емес ол, мүмкін емес. Сенбеймін. Әкесі қатты, әкесінен қорқады негізі. Әскерден келген соң күзетте жұмыс істеді. Қазір істемейді, жүк тасушы болып істеп келеді", - дейді күдіктінің анасы Гүлнар Әзмұқанова.

Ол "немерелерімді өз жауапкершілігіме аламын" деп отыр. Бес баланың үлкені - 10 жаста, кішісі - бір жаста.

Дереккөз: КТК арнасы

Еске сала кетейік, Атырау облысында 2025 жылдың соңында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бір отбасын полиция іздестіріп жатқаны хабарланған еді. Полицияға 2025 жылдың 25 желтоқсанында Атырау қаласының тұрғыны жүгінген. Ол ағасы мен оның отбасы бір айдан астам уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткенін айтқан.

6 қаңтарда отбасының екі мүшесі, атап айтқанда ерлі-зайыпты Қарабалин Мақсот пен Өтешқалиева Нәсіп өз үйінде өлі табылған. Аталған оқиғаға қатысты "кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бүгін, 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ауыл халқы жер қойнына тапсырды.

Одан бөлек, полиция қызметкерлері желідегі "хакер" атты белгісіз адамның Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалған адамдардың жүрген жерін өз бетінше тапқаны туралы ақпаратын жоққа шығарды. Сондай-ақ аталған тұлғаға қатысты алаяқтық бабымен қозғалған төрт іс бойынша іздеу жарияланғаны хабарланды.

Атырауда жоғалған отбасы: күдіктінің анасы ұлы туралы айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.