Қар, тұман: сенбіде еліміздің әр өңірінде ауа райы қандай болады
Опубликовано:
Синоптиктер, ертең 10 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. "Қазгидрометтің" хабарлауынша, бірқатар өңірде қар жауады, ал кей өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Маңғыстау облысының батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырауда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-18 м/с. Ақтөбеде күндіз көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Шымкентте кей уақыттарда тұман күтіледі. Түркістанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Қостанай қ.: 10 қаңтарда тұман күтіледі
Абай облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, Жарма ауданында екпіні 25 м/с. Семейде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-18 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с. Өскеменде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавлда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Қызылорда облысының батысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылордада кей уақытта тұман күтіледі.
10-11 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, 10 қаңтарда облыстың таулы аудандарында, 11 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2329914-qar-tuman-senbide-elimizding-ar-ongirinde-aua-raiy-qandai-bolady/