jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қазақстандықтар e-Gov арқылы енді тағы бір қызмет ала алады

e.Gov платформасы
e.Gov платформасы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Smart военкомат" жобасы аясында қорғаныс министрлігі e-Gov электрондық үкімет порталының "Жеке кабинетінде" азаматтарға арналған жаңа қызметті іске қосты, деп хабарлайды ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Министрліктің мәліметінше, бұл қызмет арқылы пайдаланушылар азаматтың әскери қызметке қатыстылығы, әскери есепте тұруы, әскери қызметтен өткен кезеңдері, оның ішінде әлеуметтік төлемдер алуға құқық беретін мерзімдер туралы мәліметтерді жүктеп алып, мессенджерлер арқылы жіберіп немесе басып шығара алады.

"Тәжірибе көрсеткендей, әсіресе әскери қызметке жарамдылық дәрежесі туралы ақпаратқа сұраныс жоғары. Аталған мәліметтерді алу үшін e-Gov порталының "Жеке кабинетіне" кіріп, "Әскери қызмет" бөліміндегі "Жүктеу" батырмасын басу жеткілікті.

Әскери есеп мәселелеріне жауапты Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің айтуынша, болашақта бұл деректерді m-Gov мобильді қосымшасы мен екінші деңгейлі банктердің сервистері арқылы да алу мүмкін болады.

Жаңа қызмет оқу орнына құжат тапсыру, әскери қызметке немесе құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарға жұмысқа орналасу кезінде құжат жинау процесін айтарлықтай жеңілдетеді", - делінген хабарламада.

Қазақстандықтар e-Gov арқылы енді тағы бір қызмет ала алады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.