Кентаудағы жарылыс: зардап шеккен екінші адам қайтыс болды
Опубликовано:
Кентау қаласындағы дәмханада болған жарылыс салдарынан зардап шеккен екінші адам көз жұмды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Оқиғаны жергілікті әкімдік растады. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.
Апат кезінде денесінің 90 пайызын күйік шалған жас жігіт кеше жер қойнына тапсырылған.
Еске салайық, 1 қаңтар күні көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан қоғамдық тамақтану орнында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, арты өртке ұласқан еді. Қайғылы оқиға салдарынан 18 жастағы студент оқиға орнында қаза тауып, тағы төрт адам түрлі жарақат алған. Олардың екеуі жансақтау бөліміне жатқызылған болатын.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2330208-kentaudagy-zharylys-zardap-shekken-ekinshi-adam-qaitys-boldy/