jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қатты аяз, қар, жел: сейсенбіде Қазақстанда ауа райы қандай болады

Қар басқан шырша
Шырша. Көрнекі фото: Рexels.com

Ертең, 13 қаңтарда Қазақстанның көптеген өңірі жауын-шашынды және аязды болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары ескертті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Абай облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, түнде екпіні 23 м/с. Семейде түнде және таңертең қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с. Атырауда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Қарағандыда түнде және таңертең аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында 13-17 қаңтар аралығында, Ақмола облысының солтүстік-шығысында 14-18 қаңтар аралығында, Павлодар облысында 14-21 қаңтар аралығында, Шығыс Қазақстан облысында және Абай облысында 15-22 қаңтар аралығында, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында 16-20 қаңтар аралығында температура фонының түнде -30-38°С-қа дейін төмендеуі болжанады.

Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, түнде екпіні 23 м/с. Өскеменде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күннің соңында облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с күтіледі. Ақтөбеде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Қызылордада кей уақытта тұман күтіледі.

Астанада кей уақыттарда тұман. Жолдарда көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қатты аяз, қар, жел: сейсенбіде Қазақстанда ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.