jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Сағат 20:00-ден кейін тыйым салу: депутат Қазақстанда алкоголь сатуға қатысты ережені қатаңдатуды ұсынды

Шарап бөтелкесі
Шарап бөтелкесі. Көрнекі фото: pixabay.com

Депутат Магеррам Магеррамов мәжіліс отырысында Қазақстанда алкоголь сату ережелерін қатаңдатуды ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ол сату орындарын және уақытын шектеуді ұсынды.

Депутаттың айтуынша, елдегі көптеген қылмыстың себебі – алкоголь.

Қазақстан Халық партиясы фракциясының атынан Магеррам Магеррамов үкіметке:

  • алкоголь сататын нақты орындар белгілеу және басқа жерлерде сатуға тыйым салу;
  • сағат 20:00-ден кейін бөлшек сауда орындарында алкоголь ішімдіктерін сатуға тыйым салу;
  • ойын-сауық орындарында (кафелер, мейрамханалар) сағат 22:00-ден кейін алкоголь сатуға тыйым салу;
  • алкогольді онлайн сатуға тыйым салу;
  • алкогольді ішімдіктерді міндетті түрде цифрлық таңбалауға жататын тауарлар тізіміне енгізуді ұсынды.

"Мәдениет және ақпарат, оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім, денсаулық сақтау министрліктері кәмелетке толмағандар мен жастарға таныс цифрлық және медиа бағдарламаларды пайдалана отырып, алкоголизмнің зиянын алдын алу бойынша бірыңғай бағдарлама әзірлеуі керек", - деген ұсыныс білдірді депутат.

Сағат 20:00-ден кейін тыйым салу: депутат Қазақстанда алкоголь сатуға қатысты ережені қатаңдатуды ұсынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram