jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қар, қатты аяз: синоптиктер ауа райына байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады

Қыс
Қыс. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Синоптиктер қазақстандықтарға ауа райына байланысты ескерту жасады. "Қазгидромет" РМК болжамынша, ертең, 16 қаңтарда бірқатар өңірде күн күрт суиды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қонаевта кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Ақтау қ.: 16 қаңтарда көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Шымкенттте жауын-шашын, күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 16 қаңтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылордада кей уақытта тұман күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

16 қаңтарда Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Жезқазған қ.: 16 қаңтарда солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 35-38 градус қатты аяз күтіледі. Қарағандыда түнде және таңертең жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Ақтөбеде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысында қар, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырауда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 42 градус қатты аяз күтіледі. Өскеменде тұман күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 40 градус қатты аяз күтіледі.

Қостанай облысында оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

ШҚО Риддер қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Семей қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Түркістан облысында 16-17 қаңтарда жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с. 17 қаңтарда ауа температурасы түнде және күндіз 0-5, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 8-13 градус аязға дейін төмендейді.

Жамбыл облысында 16-17 қаңтарда қар, жаяу бұрқасын, облыстың батысында, оңтүстігінде, облыстың таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 2-7, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 10 градус аязға дейін, 17 қаңтарда түнде 8-13, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 16-21 градус аязға дейін, күндіз 5-10, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 13-18 градус аязға дейін төмендейді.

Алматы облысында 16 қаңтарда қар жауады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты қар жауады. 17 қаңтарда қар, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты қар жауады. 16-19 қаңтарда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, 16-17 қаңтарда жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.

Ауа температурасы 16 қаңтарда түнде 5-10, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 13-18 градус аязға дейін, күндіз 2-7, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 10-15 градус аязға дейін, 17 қаңтарда түнде 12-17, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 20-25 аязға дейін, күндіз 8-13, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 16-21 градус аязға дейін төмендейді. Жетісу облысы 16 қаңтарда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, күндіз қар, жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты қар күтіледі.

17 қаңтарда облыстың шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, бұрқасын. Облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Ауа температурасы 16 қаңтарда түнде 10-15, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 19-24 градус аязға дейін, күндіз 5-10, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 13-18 градус аязға дейін, 17 қаңтарда түнде 15-20, облыстың шығысында, орталығында 20-25 градус аязға дейін, күндіз 10-15, облыстың шығысында, орталығында 15-20 градус аязға дейін төмендейді.

Қар, қатты аяз: синоптиктер ауа райына байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.