jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстанның бір аймағында ауа температурасы -53 градусқа дейін төмендеді

Термометр
Термометр: Парыгино аулының тұрғандары ұсынған фото/yk-news.kz

Шығыс Қазақстан облысындағы ауылда ауа температурасы -53 градусқа дейін төмендеген, деп хабарлайды YK-news.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жергілікті басылымның жазуынша, Шығыс Қазақстан облысында сақылдаған сары аяз сақталып отыр.

Мәселен, 15 қаңтарда Алтай ауданындағы Парыгино ауылында ауа температурасы -45 градус шамасында болса, 16 қаңтарда ауыл тұрғындарының айтуынша, термометр бағанасы -53 градусқа дейін төмендеген.

Дегенмен басылымның мәліметінше, Қазақстандағы ең суық жерлердің бірі деп – Марқакөл ауданындағы Орловка ауылы саналады.

"Қазгидрометтің" дерегінше, бұл жерде 1931 жылғы 8 қаңтарда ауа температурасы -54,2 градусқа дейін төмендеген.

Қазақстанның бір аймағында ауа температурасы -53 градусқа дейін төмендеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.