jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Әскери қызметке шақыру жасындағы азаматтарға кредит берудің жаңа қағидалары әзірленді

Сапта тұрған әскери қызметшілер
Әскери қызметшілер. Көрнекі фото: facebook.com/modgovkz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Ашық НҚА" порталында әскери қызметшілерге кредит берудегі өзгерістерге қатысты қаулы жобасын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құжатта жоба бойынша Қорғаныс министрлігі мен несие бюролары арасында әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер туралы ақпарат алмасу тәртібі белгіленетіні айтылған.

Бұл несие төлемдерін кейінге қалдыру үшін және жеке тұлғаның кредиттік есебінде оның әскери қызметі немесе әскери қызметтен босатылуы туралы ақпаратты көрсету үшін қажет.

"Жобаға сәйкес, банктер мен микроқаржы ұйымдары несие алуға өтініш түскен кезде әскерге шақыру жасындағы жеке тұлғаның мәртебесін кредиттік есептен тексеріп алуға тиіс. Егер оларда әскери қызметі туралы ақпарат болса, олар өтінішті қабылдамайды", - делінген құжатта.

Жоба 2026 жылдың 3 ақпанына дейін қоғамдық талқылауда.

Әскери қызметке шақыру жасындағы азаматтарға кредит берудің жаңа қағидалары әзірленді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.