jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желіні пайдалануына шектеу қойылуы мүмкін

желі қолданушысы
Смартфон ұстаған бала. Көрнекі фото: Matt Cardy/Getty Images

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева үкімет отырысында кейбір заңға енгізілетін маңызды түзетулер туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәдениет және ақпарат министрі бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстары жүріп жатқанын айтты.

Оның сөзінше балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеу мәселесі қарастырылуда. Мәдениет және ақпарат министрлігі 16 жасқа толмаған азаматтар үшін әлеуметтік желілерде тіркеуге тыйым салуды көздейтін онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін реттейтін заң жобаларын әзірледі.

Аталған өзгерістер сараптамадан өтіп, қоғамдық талқылауға шығарылды. Оны тиімді іске асыру үшін Оқу-ағарту министрлігі және Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп пайдаланушылардың жасын тексеру механизмдерін әзірлеу, қажет болса жауапкершілік шараларын қарастыру жоспарланып отыр.

"Халықтың медиасауаттылығын арттыруға және тәуелсіз БАҚ-ты қолдауға ерекше назар аударылады. Бұл бағытта салалық журналистиканы дамыту комиссиясы және басқа да тетіктер арқылы тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ онлайн-платформалар мен БАҚ арасындағы жарнама бөлу және кейбір тауарларды жарнамалауға тыйымды ішінара алып тастау мүмкіндіктері заңнамалық тұрғыдан қарастырылады", - дейді Аида Балаева.

Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желіні пайдалануына шектеу қойылуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.