Фукуоктан Екатерингбургке бет алған жолаушылар ұшағы Тараз әуежайында бір тәулікке кідіруге мәжбүр болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Желіде Вьетнамның Фукуок аралынан Екатеринбургке ұшып шыққан жүздеген жолаушы Тараз әуежайында тұрып қалғаны туралы жазбалар тарады. SCAT әуекомпаниясы бұл жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Telegram желісіндегі Baza арнасы SCAT әуекомпаниясының ұшағы жоспар бойынша Таразға жанармай құю үшін қонғаны туралы жазды. Алайда, жазбаға сәйкес, бір сағаттық кідіріс 18 сағатқа созылған.
Жолаушылардың айтуынша, рейс бір-екі сағатқа шегіріліп отырған. Алғашқы ыстық тамақ пен су сегіз сағаттан кейін ғана, түнгі сағат 1:00-де берілген. Тағы сегіз сағаттан кейін таңғы ас әкелінген. Осы уақыт ішінде жолаушылар не болып жатқаны туралы нақты жауап ала алмаған.
"Кішкентай балаларды қоса алғанда, 217 жолаушы "таза аймақта" қамалып қалды – құжаттарға сәйкес, қабылдаушы ел Ресей, яғни оларға Қазақстанға кіруге рұқсат етілмеген", - делінген жазбада.
Сондай-ақ жолаушылар әуекомпаниясының өкілі ұшақтан ақау шығуына байланысты ұшқыш ұшудан бас тартқанын және "оған өз өмірі маңыздырақ" деп айтқанын мәлім етті.
"Ұшақты жөндеуге арналған бөлшек Таразға Алматыдан әкелінді. Жолаушылардың айтуынша, бөлшек орнатылған, бірақ отырғызу туралы әлі хабарланған жоқ", - деп жазады Telegram-дағы арна.
SCAT әуекомпаниясының баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне ұшу уақыты шегерілгенін растады.
"2026 жылдың 20 қаңтарына жоспарланған Фукуок – Тараз – Екатеринбург бағытындағы VSV5322/451 чартерлік рейсінің ұшуы кейінге шегерілді. Ұшу алдындағы дайындық кезінде ұшаққа қосымша техникалық қызмет көрсету қажет екені анықталды", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Әуекомпаниясының мәліметінше, жолаушыларға күту кезінде үш мезгіл тамақ берілді. Сондай-ақ оларға ыстық және суық сусындар, сондай-ақ күту ыңғайлы болуы үшін көрпеше таратылды.
"Барлық техникалық жұмыс аяқталды, ұшақ ұшуға дайындалып жатыр. Әуекомпания келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды. Әуекомпаниясы жолаушылар қауіпсіздігіне басымдық береді", - деді SCAT өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2334021-fukuoktan-ekateringburge-bet-algan-zholaushylar-ushagy-taraz-auezhaiynda-bir-taulikke-kidiruge-mazhbur-boldy/