jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстанда былтыр мейрамханалар мен кафелер қай өңірлерде көп ашылған

Мейрамхана
Мейрамхана. Иллюстрациялық фото: pexels.com

Ұлттық статистика бюросы еліміздегі мейрамханалар мен кафелер санына қатысты мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Статистика бюросының дерегінше, 2025 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында Қазақстанда 20 048 орындық 73 мейрамхана пайдалануға берілген.

Аталған нысандардың нақты құны 74,2 млрд теңге болған.

Былтыр мейрамхананың көптеп ашылуы Түркістан (28 нысан) мен Қызылорда облыстарында (8 нысан) тіркелген.

Сондай-ақ осы кезеңде 6 696 орындық 92 кафе іске қосылып, олардың жалпы құны 14,2 млрд теңгеге жеткен.

Өңірлер арасында да былтыр ең көп кафе Түркістан (21 нысан) және Қызылорда (14 нысан) облыстарында ашылған.

2024 жылы ел бойынша 75 кафе пайдалануға берілген.

Сонымен қатар 2025 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында Қазақстанда 1 417 орынға есептелген 14 асхана және 26 орындық 3 жылдам тамақтану кәсіпорны ашылған.

Қазақстанда былтыр мейрамханалар мен кафелер қай өңірлерде көп ашылған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.