"6,8 млрд теңге дивидентті заңсыз төлеген": Қаржы министрлігі Алматы әуежайын тексерді
Жарияланған күні:

Алматы әуежайында акционер емес заңды тұлғаға 6,8 млрд теңге көлемінде дивидендтің заңсыз төленгені анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит қызметіне сілтеме жасап.
Профилактикалық бақылау барысында Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Алматы халықаралық әуежайының қаржылық қызметінде бұзушылықтарды анықтаған.
"Тексеру нәтижесінде акционер емес заңды тұлғаға 6,8 млрд теңге сомасында дивидендттердің заңсыз төленгені анықталды. Бұл өз кезегінде стратегиялық объектінің активтері мен даму мүмкіндіктеріне және оның қаржылық тұрақтылығына әсер етті.
Тексеру қорытындысы бойынша қаражат әуежайдың шотына толық қайтарылды. Бұл қаражат оны дамытуға, қызмет көрсету сапасын және жолаушыларға көрсетілетін қызметтің жайлылық деңгейін арттыруға бағытталады", - делінген хабарламада.
Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаровтың айтуынша, 2025 жылы енгізілген жаңа тәсілдердің арқасында бақылау органы жаппай тексерістен атаулы жұмысқа көшті. Комитет жоғары тәуекел аймақтарына басымдық береді, бұл стратегия тиімділікті бірден арттыруға себеп болған. Жалпы алғанда тексерулер 22 пайызға қысқарды, ал анықталған бұзушылықтардың сомасы 36 пайызға артты. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша бюджетке 400,0 млрд теңгеден астам қаражат қалпына келтірілді және қайтарылды, 1,2 млрд теңге айыппұл өндірілді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2336466-6-8-mlrd-tengge-dividentti-zangsyz-tolegen-qarzhy-ministrligi-almaty-auezhaiyn-tekserdi/