Үндістан Қазақстан азаматтары үшін тегін виза енгізді
Жарияланған күні:

Қазақстан азаматтары Үндістанға 30 күнге дейін туристік, медициналық және медициналық сүйемелдеу визаларын тегін рәсімдей алады, деп хабарлайды СІМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бұл екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі нығайту және туристік алмасуды дамыту мақсатында қолға алынған.
"Үндістан Республикасының үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына 30 күнге дейінгі мерзімге туристік визалар, медициналық визалар мен медициналық сүйемелдеу визаларын ақысыз негізде беру туралы шешім қабылдады. Аталған шешім өз күшіне енді", - деп хабарлады сыртқа ведомстводағылар.
Аталған визаларды Қазақстан Республикасының азаматтары e-Visa онлайн жүйесі арқылы, сондай-ақ Үндістанның Астана және Алматы қалаларындағы дипломатиялық өкілдіктерінде немесе шетелдегі өкілдіктерінде рәсімдей алады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2338437-undistan-qazaqstan-azamattary-ushin-tegin-viza-engizedi/