jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Сара Назарбаева ауруханадан шықты

Сара Алпысқызы Назарбаева
Сара Алпысқызы Назарбаева. Фото: Bobek.kz

Сара Назарбаева Алматы қаласындағы Президент Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальден шығарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық госпитальде жоспарлы ем қабылдаған Сара Назарбаева биыл қаңтарда ауруханадан шығарылып, амбулаториялық бақылауға жіберілген.

Ұлттық госпитальдің баспасөз қызметі пациенттің денсаулық жағдайы, диагнозы, емдеу әдістері және нәтижелері туралы мәліметтерді қоса алғанда, басқа да ақпарат медициналық құпия болып саналатынын және жария етілмейтінін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр мамырда Қазнетте 85 жасқа қараған шағында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы Сара Назарбаеваның дүниеден озғаны туралы ақпарат тарады.

Алайда сол күні тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы бұл ақпаратты жоққа шығарып, оның ауруханада емделіп жатқанын айтты.

Былтыр қазанда тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаева әлі де Ұлттық госпитальде ем қабылдап жатқанын жеткізді.

Сара Назарбаева ауруханадан шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.