Айдос Үкібай "Сара Назарбаева қайтыс болды" деген ақпаратты жоққа шығарды
Опубликовано:
Читать на русском
Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай желіде тараған "Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны" туралы қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін желіде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші әйелі Сара Назарбаеваның 85 жаста қайтыс болғаны туралы ақпарат шықты.
Алайда кейін Айдос Үкібай Х желісінде жазба жариялап, бұл ақпарат жалған екенін жеткізді.
"БАҚ-тан келіп түскен көптеген сұрауларға жауап ретінде Сара Алпысқызы, Қазақстан Республикасының бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы ауруханада емделіп жатқанын хабарлаймын. Оның қазасы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген жазбада.
Еске сала кетейік, бұған дейін, 2025 жылы 5 мамырда желіде Сара Алпысқызының денсаулығына қатысты ақпарат тараған еді.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2244984-aidos-ukibai-sara-nazarbaeva-qaitys-boldy-degen-aqparatty-zhoqqa-shygardy/