jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Таңғажайып": желі қолданушылары Балқаш көлінің ғарыштан түсірілген көрінісіне сүйсінді

Балқаш көлінің ғарыштан көрінісі
Балқаш көлінің ғарыштан көрінісі. Видеодан кадр: instagram.com/olegmks

"Роскосмос" ғарышкері және Халықаралық ғарыш станциясының бортинженері Олег Артемьев Балқаштың ғарыштан түсірілген видеосын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресейлік ғарышкер бүгін, 17 ақпанда, Instagram желісіндегі парақшасында Балқаштың орбитадан түсірілген видеосын жариялады.

"Әлемдегі ең әдемі көлдердің бірі ғарыштан қалай көрінеді? Таңғажайып! Балқаш көлінен өтіп барамыз", - деп жазды Олег Артемьев.

Видеоны көрген желі қолданушыларының ішінде қазақстандықтар да әсерін бөлісіп, пікір қалдыруда.

"Сүйікті Қазақстаным! Рақмет", "Өзіміздің Қапшағай да көрініп тұр", "Бізге осы сұлулықты көрсеткеніңіз үшін рақмет", "Балқашты көгілдір түсінен бірден тануға болады", "Мен сүйікті Балқашымды бірден таныдым", - деп пікір қалдырды әлеуметтік желі қолданушылары.

"Таңғажайып": желі қолданушылары Балқаш көлінің ғарыштан түсірілген көрінісіне сүйсінді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.