Алматылықтарға неліктен жер сілкінісі туралы хабарлама келген жоқ: ТЖМ өкілдері себебін айтты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бүгін сағат 15:09-да Алматыда жер сілкінісі сезілді. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Mass Alert жүйесінен тұрғындарға неліктен хабарлама келмегенін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, алматылықтарға төтенше жағдайлар қызметінен хабарлама келмеуінің себебі – жер сілкінісінің сезілуі 2 баллдан аспаған.
"Жер сілкінісінің сезілуі 5 немесе одан жоғары баллға жетсе ғана дабыл жүйесі іске қосылады" - деп түсіндірді Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 2026 жылғы 17 ақпанда Астана уақытымен сағат 15:09-да жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 км жерде орналасқан.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түспеген.
ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісі Алматыда – 2 балл Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында 4 балл болып сезілген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2344600-almatylyqtarga-nelikten-zher-silkinisi-turaly-habarlama-kelgen-zhoq-tzhm-okilderi-sebebin-aitty/