jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Тергеуге алынған Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

Гүлбарам Мұсағазина
Гүлбарам Мұсағазина. Фото: gov.kz

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жақында тергеуге алынған орынбасары Гүлбарам Мұсағазинаға қатысты жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды "ТоболИнфо".

Өңір басшысының айтуынша, Қостанай облысы әкімінің орынбасары 2026 жылдың 11 ақпанында өзі берген өтініші негізінде қызметінен босатылды.

"Сіздерге белгілі, Гүлбарам Мұсағазинаға қатысты сотқа дейінгі іс жүргізіле бастағаны туралы ақпарат тарады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде.

Заңға сәйкес, мемлекеттік органдардың тергеуге араласуға немесе тиісті баға беруге құқығы жоқ. Мен барлық мән-жай объективті және жан-жақты қаралады деп санаймын", - деді Құмар Ақсақалов.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҰҚК баспасөз қызметі Қостанай облысы әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазинаның ұсталғанын растаған.

ҰҚК мәліметінше, Қостанай облысы әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазинаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Тергеуге алынған Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.