jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қорғаныс министрлігі ресейлік әскерлермен жоспарлы жаттығу өткізеді: ведомство мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрлігі
Қорғаныс министрлігі. Көрнекі сурет: @modgovkz

Қорғаныс министрлігі Қазақстан мен Ресей бірлесіп Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жоспарлы жаттығуын өткізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Ведомство ақпаратына сенсек, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесі бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жоспарлы жаттығуы өткізіліп жатыр.

"Жаттығу барысында әуе нысандарын анықтау және сүйемелдеу, әуе кеңістігін бұзған әуе кемелерін ұстап қалу, сондай-ақ оларды белгіленген әуеайлақтарға қонуға мәжбүрлеу міндеттері пысықталуда.

Іс-шара жоспарлы сипатқа ие және әуе шабуылына қарсы қорғаныстың кезекші күштерінің өзара іс-қимыл деңгейін, жауынгерлік машығын және дайындығын арттыруға бағытталған.

Азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, расталмаған мәліметтерді таратпауын сұраймыз", - делінген министрлік хабарламасында.

Қорғаныс министрлігі ресейлік әскерлермен жоспарлы жаттығу өткізеді: ведомство мәлімдеме жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.