jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматы тауларында блок-бекеттер қойылды

Тауға шығып бара жатқан туристер
Тауға шығып бара жатқан туристер. Иллюстрациялық фото: Pexels.com

Алматы тауларында қар көшкені жүруі мүмкін учаскелерде блок-бекеттер қойылды, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Алматы қаласының таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі жоғары деңгейде сақталып отыр.

Осыған орай ТЖМ азаматтарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, таулы аймақтарға барудан уақытша бас тартуды ұсынады.

Сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қар көшкіні жүруі мүмкін учаскелерде блок-бекеттер қойылғаны туралы хабарлайды.

"Таулы аймақтарға баруды жоспарлау кезінде қалыптасқан ауа райы жағдайларын және уәкілетті қызметтердің ресми ескертулерін ескерулеріңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Алматы қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі дүйсенбі, 23 ақпанда қалада тұман күтілетінін және таулы аумақтарда желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейетінін ескертті. Синоптиктер қолайсыз күн райына байланысты дауылдық ескерту жариялаған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін де ТЖМ Қазақстан тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескерткен еді.

Алматы тауларында блок-бекеттер қойылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.