jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Жаппай тәртіпсіздіктер басталған Мексикада қанша Қазақстан азаматы бар

Мексикадағы жаппай тәртіпсіздік
Мексикадағы жаппай тәртіпсіздік. Фото: Photo by Ulises Ruiz / AFP via Getty Images

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жаппай тәртіпсіздіктер басталған Мексикада қазіргі уақытта қанша Қазақстан азаматы бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

СІМ-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанның Мексикадағы елшілігі елдегі жағдайды мұқият бақылап отыр, сол жердегі ел азаматтарымен үнемі байланыста.

"Қазіргі уақытта Қазақстанның 35 азаматы ҚР елшілігінде консулдық есепте тұр. Қазақстан азаматтарына сабыр сақтауға, сақ болуға және қауіпсіз жерлерде болуға кеңес беріледі", - деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, бұған дейін Мексиканың Қорғаныс министрлігі әскери операция кезінде қатыгездігімен аты шыққан "Халисконың жаңа буыны" ескерті картелінің басшысы, Эль Менчо лақап атымен танымал Немесио Осегера Сервантестың көзі жойылғанын мәлімдеген еді.

Бұдан кейін Мексиканың бірден бірнеше штатында жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Картель мүшелері көліктерді өртеп, жолдарды жаба бастады. Бірнеше қалада төтенше жағдай жарияланып, тұрғындарға көшеге шықпау ескертілді.

Жаппай тәртіпсіздіктер басталған Мексикада қанша Қазақстан азаматы бар

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.