"Жауапкершілік ата-анаға жүктеледі": мәжілісте мұғалімдер құқығын қорғауға қатысты заң жобалары таныстырылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Мәжіліс депутаттары педагог мәртебесі туралы заң жобасын қарауға алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Бұл заңда ата-аналар мектептен тыс уақытта балалары үшін толық жауапты болатыны көрсетілген.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагогтердің мәртебесі және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске педагогтердің мәртебесі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" заң жобаларына жаңа нормалар енгізілуі мүмкін.
Депутат Асхат Аймағамбетов атап өткендей, бұл заң жобалары педагогтердің құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленді.
"Балалардың өмірі мен денсаулығына мүғалімдер оқу процесі кезінде ғана жауапкершілік алатынын анықтау ұсынылады. Оқу уақытынан тыс уақытта, сондай-ақ мерекелер мен кешкі уақытта жауапкершілік ата-аналарға жүктелуі керек.
Мемлекет басшысы бізге мұғалімдердің кәсіби қызметіне қатысы жоқ түрлі іс-шараға қатысуына жол бермеу туралы тапсырма берді. Сондай-ақ есепті электронды және қағаз жүзінде қатар жүргізуге тыйым салу ұсынылады: барлығы тек бір форматта болуға тиіс.
Сонымен қатар мұғалімдерді жұмыс нәтижелерін әлеуметтік желіге жариялауға мәжбүрлеуден қорғайтын норма енгізілуде" - деп атап өтті ол.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2347366-zhauapkershilik-ata-anaga-zhukteledi-mazhiliste-mugalimder-quqygyn-qorgauga-qatysty-zang-zhobalary-tanystyryldy/