jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Енді Қазақстандағы камералар рөлде телефон пайдаланғандар мен белдік тақпағандарды тіркей бастайды

Телефон ұстаған жүргізуші
Телефон ұстаған жүргізуші. Иллюстрациялық фото: Karl-Josef Hildenbrand/picture alliance via Getty Images

Қазақстанда 12 наурыздан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 31-бабына енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Осыған байланысты ІІМ ел тұрғындарын қандай өзгерістер күтіп тұрғанын түсіндірді, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ІІМ-нің ведомстовлық сайтының жазуынша, ІІМ ӘҚБтК-нің 31-бабына енгізілген өзгерістер қаңтарда қабылданған "Цифрлық кодекспен" байланысты.

Негізгі мақсат – заманауи техникалық шешімдерді қолданып жол қауіпсіздігін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу тиімділігін күшейту. Жаңа тыйым енгізілмейді.

"Тек бұрыннан бар құқық бұзушылықтарды анықтаудың техникалық мүмкіндіктері кеңейтіледі. Бұған дейін рөлде отырып телефон пайдалану, қауіпсіздік белдігін тақпау сияқты құқық бұзушылықтарды полиция қызметкерлері анықтаса, енді оларды заманауи техникалық құралдар арқылы тіркеуге болады. Яғни заң талаптары өзгермейді – тек оларды тіркеу тәсілдері жаңартылады", - деді ҚР ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Оның айтуынша, бұрын автоматты режимде алты түрлі құқық бұзушылық тіркелетін, олар: жылдамдықты арттыру, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өту, жол белгілері мен таңбаларының талаптарын сақтамау, тоқтау және тұру қағидаларын бұзу, озу және жолдың жүру бөліктерінде орналасу қағидаларын бұзу, жаяу жүргіншілерге жол бермеу. Қалған құқық бұзушылықтарды полиция қызметкері анықтайтын. Енді заңнамада құқық бұзушылықтарды тіркеудің үш тәсілі көзделген.

  1. қолданыстағы бейнекамералар.
  2. автоматты тіркеу жүйелері, арнайы өлшеуді қажет етпейтін өзге де бұзушылықтарды анықтай алады, мысалы, рөлде телефон пайдалану немесе белдік тақпау.
  3. Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімі жүйесімен біріктірілген мемлекеттік деректер базаларын пайдалану. Бұл құжаттарға қатысты бұзушылықтарды автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді, яғни техникалық байқаудың мерзімінің өтуі, сақтандыру полисінің болмауы, қаруды сақтауға берілген рұқсат мерзімінің аяқталуы және басқа да жағдайлар.

Сонымен қатар заңнамада ескерту қарастырылған құқық бұзушылықтар бойынша жүйе автоматты түрде ескерту шығарып бере алады. Бұрын мұндай құқық бұзушылықтарды полиция қызметкері өзі тіркеп және материалды рәсімдеу үшін қолмен жазу қажет еді. Мысалы, жолда кептеліс тудыру, сыртқы жарық құралдарын дұрыс пайдаланбау және басқа да жолда жүру қағидаларын бұзу жағдайлары.

"Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында таралған автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартады деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Бұл жүйелер тек көлік жүргізушілері тарапынан жасалған жолда жүру қағидаларын бұзуды анықтауға арналған.

Жалпы алғанда, енгізілген өзгерістер қоғамдық және жол қауіпсіздігін арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және ауыр зардаптардың тәуекелін төмендетуге бағытталған.

Цифрлық шешімдерді қолдану қауіпті мінез-құлықты дер кезінде анықтауға және азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнетін қатердің алдын алуға мүмкіндік береді", - деді ҚР ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Енді Қазақстандағы камералар рөлде телефон пайдаланғандар мен белдік тақпағандарды тіркей бастайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.