jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Елден шығып кетуді ұсынамыз": СІМ Ирандағы Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

Саяхат
Саяхат. Нейрожелі арқылы жасалған көрнекі сурет: NUR.KZ / Жұлдыз Кенжеғалиева

Иран төңірегінде шиеленістің сақталуына байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына жағдай тұрақталғанға дейін Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта Иран аумағында жүрген Қазақстан азаматтарына елден мүмкіндігінше шығып кетуді, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын барынша сақтауды, қырағылық пен сақтық танытуды, жаңалықтарды қадағалап отыруды және жергілікті билік органдарының ұсынымдарын мүлтіксіз орындауды ұсынамыз.

Сонымен қатар Қазақстан азаматтарын Таяу Шығыс елдеріне сапарларды жоспарлау барысында қазіргі жағдайды және оның күрделілену қаупін назарға алып, жауапкершілікпен қарауға шақырамыз", - делінген министрлік хабарламасында.

Қазақстанның Ирандағы дипломатиялық мекемелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Қосымша әрі жедел ақпарат алу үшін Иранда жүрген Қазақстан азаматтары мен олардың Қазақстандағы туыстары үшін байланыс желілері ашылды.

Естеріңізге сала кетейік, 20 ақпанда Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында сөз сөйлеген Дональд Трамп "әлем жұртшылығы Иранға не болатынын 10 күн ішінде біледі" деп мәлімдеген еді.

Кейінірек Дональд Трамп Тегеран ядролық бағдарламасынан бас тартпаса, Иранға қарсы жойқын соққы беруге дайын екенін өз кеңесшілеріне айтты.

Сондай-ақ Израильдің Иранмен ықтимал соғысқа дайындалып жатқаны туралы хабарлама тарады. Егер АҚШ Иранға шабуыл жасаса, Иран бұған жауап ретінде Израильге қарсы шабуыл жасайды деген болжам жасалып отыр.

"Елден шығып кетуді ұсынамыз": СІМ Ирандағы Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.