jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Таяу Шығыстағы қақтығыс: Парсы шығанағы елдерінде 4000-нан астам Қазақстан азаматы жүр

Абу-Даби қаласы
Абу-Дабидегі Иран зымыраны түскен жерден шыққан түтін. Фото: Ryan Lim / AFP via Getty Images

"Туристік Қамқор" қорының төрайымы Инна Рей брифингте журналистерге Таяу Шығыстағы туристердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Біз қиын жағдайда қалдық. Бұл кезең қазақстандықтар үшін маңызды демалыс уақыты еді. Парсы шығанағы аумағы демалыс үшін өте тартымды жер. Адамдар балаларымен уақыт өткіземіз деп кеткен. Балалар өте көп.

Күтпеген жерден осы жағдай туындап отыр. Шиеленіс ушыға түсті, атыс көбейді. Қақтығыс жалғасуда. Барлық елдер үшін аспан жабық. Бұл елдер біз үшін маңызды, бірақ ең негізігісі – БАӘ, себебі онда туристер көп. Сондай-ақ, Қатар", - деді Инна Рей.

Оның айтуынша, Мекке мен Мединада да қазақстандық туристер бар. Төрайымның сөзінше, қор туристерді өз қаражаты есебінен қонақ үйлерге орналастырып жатыр.

"Жалпы, БАӘ-де 3000-нан астам және Қатарда 1000-нан астам адам жүр. Оларға баспана берілді, қонақ үйлерде тұрып жатыр, бәрі жақсы. Оларды көмек сұрап жатқан басқа жолаушылармен шатастырмаңыздар.

Біздің туристер кепілдік жүйесінің толық бақылауында және туроператорларымыздың қолдауымен жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Мекке мен Мединада шамамен 200 адам бар", - деп атап өтті ол.

Қор өкілінің айтуынша, репатриациялық рейстер туралы мәлімет жоқ.

"Біздің әуе компанияларымыз өз міндетін орындауға дайын, бірақ аспан жабық, ұшу өте қауіпті. Рейстерге ұшуға рұқсат етілген жоқ. Бізге зардап шеккендерден ешқандай шағым түскен жоқ. Өте ірі туроператорлар айналысып жатқанын атап өткіміз келеді... мәселелер сол деңгейде дереу шешілуде.

Бізде ешқандай жанжал, айқай-шу немесе наразылық туралы шағым түскен жоқ. Туристеріміздің денсаулығы жақсы", - деді спикер.

Таяу Шығыстағы қақтығыс: Парсы шығанағы елдерінде 4000-нан астам Қазақстан азаматы жүр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.