jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Астана әкімі LRT қашан іске қосылатынын айтты

LRT вагоны
LRT вагоны. Эскиз: instagram.com/cts_kz

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордада жақын айларда LRT іске қосылатынын айтты. Ол құрамдар пилотсыз режимде қатынайтынын атап өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астана әкімі өзінің Instagram-дағы парақшасында премьер-министрдің орынбасары Роман Склярмен бірге LRT депосының ғимаратына барып, жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру аясында құрылып жатқан Бірыңғай диспетчерлік орталықтың жұмысымен танысқанын жазды.

"Орталық, көлік жүйесін басқару мен қаладағы жол-көше желісіндегі процестерді үйлестірудің негізгі элементіне айналады. Оның функционалына LRT құрамдарының қозғалысын басқару, интеллектуалды көлік жүйесінің бағдаршам нысандарын үйлестіру, қоғамдық көлікті диспетчерлік сүйемелдеу, велосипедті жалға беру жүйесін диспетчерлеу, сондай-ақ көлік деректерін өңдеу және сараптамалық талдау кіреді", - деп түсіндірді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар елорда әкімі бірқатар станцияны аралап шыққандарын жеткізді. Оның айтуынша, сынақ режимінде пайдалану бекітілген сынақ бағдарламасына сәйкес бүкіл желі бойынша жүріп жатыр.

Жеңіс Қасымбек LRT шамамен қашан іске қосылатынын да айтты.

"LRT құрамдары пилотсыз режимде қатынайды. Сынақ режимінде пайдалануды аяқтау және жолаушылар қозғалысын бастау күні барлық іс-шара кешені толық орындалып, жүйенің белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігі расталғаннан кейін анықталатын болады. LRT жұмысының басталуы жақын айларда (көктемде) күтіледі", - деп жазды Астана әкімі.

Астана әкімі LRT қашан іске қосылатынын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.