jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматыда тау бөктеріндегі 30 жер учаскесінің иесі айыппұл арқалады

Алматы тауы
Тау бөктері. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды сел және көшкін қаупі кезеңіндегі қауіпсіздік мәселесі бойынша кеңес өткізді. Жиын барысында қала қызметтерінің дайындығына және тау бөктеріндегі аудандарда құрылыс нормаларының сақталуына ерекше назар аударылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша беткейлерді заңсыз кесу және жер бедерін өзгерту фактілері анықталды.

"30 жер аумағының меншік иесі жауапқа тартылып, айыппұл салынып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Таулы аумақтар мен өзен арналары бойындағы 9 аумақта трос-торлы жүйелер мен анкерлік бекітпелер қолдану арқылы беткейлерді нығайту жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар көшкін қаупі бар аймақтарда орналасқан 13 жер аумағы сатып алынып, оларды көркейту және көгалдандыру жұмыстары жоспарланған", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаментіне өзен арналарына, мұздақ көлдерге және селден қорғайтын бөгеттерінің жай-күйін бақылауды күшейту тапсырылды.

Алматыда тау бөктеріндегі 30 жер учаскесінің иесі айыппұл арқалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.