jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Биыл Қазақстанда 6 жаңа ақылы жол учаскесі іске қосылады

Ақылы жол
Жол. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Биыл Қазақстанда 6 жаңа ақылы жол учаскесі іске қосылады. Бұл туралы үкімет отырысында "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Үкімет отырысында Дархан Иманашев елімізде ақылы автомобиль жолдары инфрақұрылымын дамыту бойынша кезең-кезеңмен жұмыс жүргізіліп жатқанын баяндады.

Оның айтуынша, елімізде жалпы ұзындығы 4 мың 900 шақырым болатын 26 ақылы жол учаскесі жұмыс істеп тұр.

Биыл ұзындығы 2 мың шақырым болатын 6 жаңа учаскені іске қосу жоспарланып отыр. Олар:

  • Қарағанды-Балқаш-Бурылбайтал – 554,6 км;
  • Бурылбайтал-Құрты – 226,4 км;
  • Ақтөбе-Қандыағаш-Мақат – 89 км;
  • Талдықорған-Өскемен – 773 км;
  • Атырау-Астрахань – 277 км;
  • Мерке-Шу-Бурылбайтал – 78 км.

Сондай-ақ Дархан Иманашев ақауы бар ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысын алуды тоқтата тұру бойынша норма енгізілгенін атап өтті. Ақаулардың тіркелген көлемі – 1 миллион 100 мың шаршы метр. Оларды жөндеу жұмысы жол-құрылыс маусымында басталады.

Сонымен қатар жол пайдаланушылардың өтініші бойынша ақылы жолдармен жүру үшін ақы төлеу мерзімін 7 күннен 30 күнге дейін ұзарту нормасы енгізілмек, тиісті түзетулер уәкілетті органдарда келісіліп жатыр.

Биыл Қазақстанда 6 жаңа ақылы жол учаскесі іске қосылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.