jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматыда жаңа төлем жүйесі қашан және қай маршруттарда іске қосылады

Төлем жүйесі
Төлем жүйесі. Фото: Алматы әкімдігі

4 наурыздан бастап Алматының бірнеше маршрутында Avtobys жаңа төлем жүйесі арқылы жолақысын төлеуге болады, деп хабарлайды қалалық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қалалық Жол қозғалысы және жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, жаңа төлем жүйесі №51, 117, 219, 221, 228, 234 және 258 маршруттарында іске қосылады.

Желіге Avtobys төлем құрылғыларымен жабдықталған 82 автобус шығарылады.

"Жолаушылар жолақыны Avtobys мобильді қосымшасындағы QR-код, Bluetooth, көлік нөмірі, NFC немесе банк картасы арқылы төлей алады. Төлем бірнеше секунд ішінде жасалып, бірден расталады.

Қызметті пайдалану үшін App Store, Google Play немесе AppGallery дүкенінен Avtobys қосымшасын жүктеп, телефон нөмірі бойынша тіркеліп, смарт-әмиян балансын толтыру қажет", - деп түсіндірді басқарма өкілдері.

Avtobys – Қазақстанның 20-дан астам қаласында жұмыс істейтін цифрлық төлем жүйесі. Әкімдік өкілдері Алматыда жүйені енгізу қолма-қол ақшасыз төлем мүмкіндіктерін кеңейтіп, қалалық көлікті тұрғындар мен қонақтар үшін заманауи әрі ыңғайлы ететінін атап өтті.

Алматыда жаңа төлем жүйесі қашан және қай маршруттарда іске қосылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.