jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Аспан жарқ ете қалды да көше шамдары сөнді": әкімдік өкілдері Астанада болған жағдайды түсіндірді

Аспан жарқ ете қалған сәт
Аспан жарқ ете қалған сәт. Видеодан кадр: threads.com/@lookf.h

Кеше, 5 наурызда қас қарайған шақта Астана аспанында жасыл түсті жарқыл байқалды. Артынша көшеде жарық сөніп қалды. Қала әкімдігі өкілдері оның себебін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Threads желісін қолданушы шамамен кешкі сағат 20:00-де бейнетіркегішке түсіп қалған видеоны жариялады. Кадрға аспанда жасыл түсті жарқыл пайда болып, көше шамдарының кенет сөніп қалған сәті ілінген.

Бейнежазбаға пікір қалдырған желі қолданушылары болған жағдайдың түрлі нұсқаларын ұсынған, бірақ көпшілігі электр желілеріндегі ақауды айтқан, тұрғындар сол кезде электр жарығы да сөніп қалғанын жазды.

"Бөкейхан мен Орынбор көшелеріндегі трансформатор күйіп кетті. Жарқыл 10 қабатты ғимараттың көлеміндей болды, қатты гүріл естілді. Мен тереземнен осындай нәрсені бірінші рет көрдім. Біздің тұрғын үй кешеніндегілер қатты таңғалды", - делінген жазбада.

"Жасыл жарықтың пайда болуына қысқа тұйықталу себеп болды, салдарынан шамдар сөніп қалды", - деп атап өтті желі қолданушысы.

"Сол жағалауда электр жарығы өшіп қалды", - деп жазды қала тұрғыны.

Астана әкімдігінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне электр желісіндегі ақауды растады. "Астана-РЭК" АҚ мәліметінше, 5 наурызда сағат 19:54-те ауа райының қолайсыздығынан 10 кВ-тық электр желісінде техникалық ақау шықты.

"Оқиға орнына жедел топ жіберілді. Қажетті жұмыстар аяқталғаннан кейін, сағат 23:20-да электр қуаты берілді.

Сол уақытта Заречныйдағы Жиделі, Ақниет және Үшкөпір көшелеріндегі жеке тұрғын үйлер электр қуатынсыз қалды", - делінген хабарламада.

"Аспан жарқ ете қалды да көше шамдары сөнді": әкімдік өкілдері Астанада болған жағдайды түсіндірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.