"Жауын-шашын, 25 градус аяз": алдағы мереке күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Синоптиктер 7-9 наурызға арналған Қазақстан өңірлеріндегі ауа райының болжамын ұсынды. Оған сәйкес мереке күндері жауын-шашын болады және ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, мерекелік демалыс күндері Қазақстан аумағында наурыз айындағы климатқа тән тұрақсыз ауа райы күтілуде. Циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен көптеген өңірде жаңбыр, қар жауады.
"Солтүстік және солтүстік-батыста кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр және қар), ал оңтүстікте жаңбыр жауады деп күтілуде. Республика бойынша қатты жел, көктайғақ және тұман күтілуде. Солтүстік аймақтарда қарлы боран, ал оңтүстікте найзағай ойнауы мүмкін", - делінген Қазгидрометтің хабарламасында.
Синоптиктердің болжауынша, елдің батысы мен солтүстік-батысында болжамды кезеңнің соңына қарай күн қайта суытады, өңір аумағына арктикалық суық ауа келеді.
Сөйтіп батыста түнде 5-15 градус, солтүстік-батыста және қиыр солтүстікте 15-25 градусқа дейін аяз күтіледі.
Ал елдің оңтүстігі мен шығысында температура одан әрі көтеріледі деген болжам бар, бұл жақта көктемнің жылуы сезіле бастайды.
11 наурыздан бастап елдің орталығы мен шығысында күн суытады деп күтілуде.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2351049-zhauyn-shashyn-25-gradus-aiaz-aldagy-mereke-kunderine-arnalgan-aua-raiy-bolzhamy-zhariialandy/