jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

СІМ Таяу Шығыстан Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға қатысты мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрлігінің ғимараты
Сыртқы істер министрлігінің ғимараты. Фото: ҚР СІМ

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстан Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға қатысты кезекті мәлімдемесін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ министрлікке сілтеме жасап.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастырып жатқанын хабарлады.

Ведомство мәліметінше, эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының қолдауымен 4700-ден астам қазақстандық елге оралған.

Азаматтарды шығару әуе рейстерімен қатар, жерүсті жолдары арқылы да жүзеге асырылып жатыр. 6 наурызда Қазақстанның шетелдегі мекемелері "Заркух" компаниясының 7 қызметкері – Қазақстан азаматтарының Иран-Армения шекарасына шығуын ұйымдастырды.

"Алдын ала ақпаратқа сәйкес, "Заркух" компаниясы қалған 16 қазақстандықты да осы бағыт бойынша эвакуациялауды жоспарлап отыр. Жалпы Ираннан бүгінге дейін 66 Қазақстан азаматы елге қайтарылды.

Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста", - делінген министрлік мәлімдемесінде.

СІМ Таяу Шығыстан Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға қатысты мәлімдеме жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.