jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Ираннан жылжып келе жатқан "қышқыл бұлт": қазақстандық мамандар қауесетке қатысты пікір білдірді

Бұлт
Үйірілген бұлт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Желіде, сондай-ақ кейбір қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында Иран аумағынан Орталық Азия елдеріне жетуі мүмкін "қышқыл бұлттар" туралы ақпарат тараған. Бұған қатысты "Қазгидромет" өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазгидромет" бұл мәлімдеме ғылыми деректер және бақылау нәтижелері арқылы расталмағанын хабарлады.

"Қышқыл жауын-шашын негізінен өнеркәсіп, энергетика және көлік салаларынан атмосфераға бөлінетін күкірт пен азот оксидтерінен түзіледі. Олар, әдетте, ластану көздеріне жақын маңда пайда болады. Ауа массалары алысқа жылжыған кезде бұл заттардың концентрациясы табиғи атмосфералық процестердің әсерінен айтарлықтай төмендейді.

Мониторинг мәліметтеріне сәйкес, мұндай лас ауа массаларының Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне қарай жылжу белгілері байқалмайды", - делінген хабарламада.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ұлттық метеорологиялық және экологиялық қызметтері ұсынған ресми мәліметтерге сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырады.

Ираннан жылжып келе жатқан "қышқыл бұлт": қазақстандық мамандар қауесетке қатысты пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.