jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Сәрсенбіде еліміздің бірнеше өңірінде жел тұрып, жауын жауады

Боранды күн
Боранды күн. Иллюстрациялық фото: pexels.com

Көктемнің алғашқы онкүндігі елімізде күн райы әлі де жауын-шашынды, желді болып тұр. Ертең, 12 наурызда бірнеше өңірде жел тұрып, жауын жауады, деп жазады "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Қарағандыда қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с. Павлодарда қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, тау аудандарында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 25 градус қатты аяз күтіледі. Алматыда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15 м/с. Қонаев қ.: 12 наурызда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығтыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 12 наурызда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавлда түнде қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Шымкентте 12-14 наурызда кей уақыттарда тұман күтіледі. Түркістанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Атырау облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Семей қ.: 12 наурызда қар, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, тұман. күтіледі. Орал қ.: 12 наурызда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбеде кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Өскеменде 12 наурызда күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

12 наурызда түнде Қостанай облысында қар, бұрқасын, облыстың солтүстігінде аздаған қар, бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Қостанайда түнде аздаған қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Қызылордада кей уақытта тұман күтіледі.

һМаңғыстау облысының батысында тұман күтіледі.

һАқмола облысында қар жауады, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Көкшетау қ.: 12 наурызда түнде қар жауады, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

һЖамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 12 наурызда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Астанаһда кей уақыттарда қар, бұрқасын күтіледі.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, түнде кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында 25 градус қатты аяз күтіледі.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Сәрсенбіде еліміздің бірнеше өңірінде жел тұрып, жауын жауады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.