Астанада жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім табылды
Жарияланған күні:
Астанада жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім Шымкенттен табылды, деп хабарлайды Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"16 наурыз күні жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде із-түссіз жоғалған жасөспірім Шымкент қаласынан табылып, туыстарына тапсырылды", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ІІМ 15 жастағы жасөспірімді іздестіріп жатқанын мәлімдеген еді.
Жеткіншек 15 наурызда Астана қаласындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
Полиция жоғалған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат болса шұғыл хабарлауға шақыраған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2354832-astanada-zhogalyp-ketken-15-zhastagy-zhasospirim-tabyldy/