jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстанда алғаш рет әкімшілік істер бойынша рақымшылық жасалмақ

Судья балғасы
Судья балғасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда алғаш рет әкімшілік істер бойынша рақымшылық жасалмақ. Бұл туралы мемлекет басшысы жаңа Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиыннан кейін сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Халық Конституциясы – стратегиялық сенім мандаты және ұзақмерзімді мақсаттар мен өрлеу жолына бастайтын жаңа қоғамдық келісім.

Сондықтан еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты деп сеніммен айтуға болады. Соған сәйкес, мемлекет пен азаматтардың ықпалдастығы қайта жаңғыруы қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент былтыр қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарға рақымшылық жасалғанын еске салды.

"Енді азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін бірқатар қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша тағы да рақымшылық жариялауға болады.

Елімізде әкімшілік істер бойынша рақымшылық алғаш рет жасалатынын атап өткім келеді. Парламент қазіргі сессияның соңына дейін тиісті заң қабылдауы керек. Бұл – Негізгі заңдағы адамгершілік идеалдары мен прогрессивті құндылықтарды қоғамда орнықтыратын маңызды қадам", - деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция – халықтың ынтымақ-бірлігінің жарқын символы екенін атап өтті.

"Оның баптарында әрбір қазақстандықтың арманы мен аңсары, ұрпағының баянды болашағына деген үміті мен сенімі көрініс тапқан.

Ата заң барша азаматтың – Отанымыздың шынайы патриоттарының басты бағдарына айналады.

Қазақстанның жаңа Конституциясы – әлемдік өркениеттің биігіне бет алған ұлтымыздың берік әрі мызғымыз тұғыры. Менің бұған ешқандай күмәнім жоқ. Сіздердің де шүбәларыңыз болмайды деп ойлаймын", - деді президент.

Қазақстанда алғаш рет әкімшілік істер бойынша рақымшылық жасалмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.