Қазақстанның бірқатар өңірінде көліктің кейбір түріне шектеу енгізіледі
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстанның кейбір аймақтарында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Көлік министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанның бірқатар өңірінде 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
"Бұл шаралар жыл сайын көктем мезгілінде, яғни қар еріп, су тасыған кезде жол негізінің босап, осал болуына байланысты қабылданады. Шектеулер жол жабындысының бұзылуын болдырмауға бағытталған", - делінген хабарламада.
23 наурыздан бастап Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарындағы автожолдарда қозғалыс шектеледі.
Бұл жалғыз оське түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын жүк көліктеріне қатысты және 1 мамырға дейін жалғасады.
Сонымен қатар ведомство өкілдері еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде (Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстары) осындай шектеулер енгізіліп қойғанын және 1 сәуірге дейін күшінде болатынын айтты.
Шектеулер халықаралық тасымалдарға, жолаушылар көлігіне, сондай-ақ азық-түлік, дәрі-дәрмек және төтенше жағдайлардың жүктеріне қолданылмайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2356290-qazaqstannyng-birqatar-ongirinde-kolikting-keibir-turine-shekteu-engiziledi/