Жүргізуші куәлігінен айырылғандар әкімшілік рақымшылыққа іліне ме: депутат пікір білдірді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Депутат Бақытжан Базарбек үкімет кулуарында жүргізуші куәлігінен айырылғандарға әкімшілік рақымшылық жасау қаншалықты мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Журналистер Қазақстанда ел тарихында алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалайын деп жатқанын атап өтті. Тілшілер түрлі себеппен жүргізуші куәлігінен айырылғандарға бұл шараның қаншалықты әсер ететінін сұрады.
"Таяқтың екі ұшы бар. Бір жағынан, жүргізуші куәлігінен айырылған, өздерін жәбірленуші санайтын адамдар бар. Бірақ біз бұл адамдар мас күйде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылғанын ұмытпауымыз керек.
Ертең балаларыңыз, туыстарыңыз жаяу жүргінші болып, ал сол жүргізушілер қайтадан рульге отыруы мүмкін. Бұл – үлкен қауіп. Қазіргі уақытта біз оны талқылап жатырмыз. Жүргізуші куәлігі жоқ жүргізушілер мәселесі осы әкімшілік рақымшылық аясында шешіледі деп айта алмаймын. Менің ұстанымым – мен бұған қарсымын. Ондай адамдар көп болса да", - деп пікір білдірді Бақытжан Базарбек.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2356685-zhurgizushi-kualiginen-aiyrylgandar-akimshilik-raqymshylyqqa-iline-me-deputat-pikir-bildirdi/