jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстанда алдағы күндері 30 градусқа дейін аптап ыстық болады: қай өңірлерде күн күрт ысиды

Көктем
Көктем. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Синоптиктер алдағы күндері, 26-28 наурыз аралығында Қазақстанның барлық өңіріне ауа райы қандай болатынын болжады. Кейбір өңірлерде температура 30 градусқа дейін ысиды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметі бойынша, ауқымды антициклонның әсерінен елдің көп бөлігінде күн жауын-шашынсыз болмақ. Тек Қазақстанның батысында ғана жаңбыр жауып, найзағай жарқырауы мүмкін. 28 наурызда Маңғыстау облысында қатты жаңбыр жауады.

Сондай-ақ 26 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында және 27-28 наурызда Шығыс Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауады. Республиканың бірқатар өңірінде тұман түсіп, солтүстік пен шығыста көктайғақ болады.

Ауа температурасы күндіз елдің батысында және солтүстік-батысында +15...+25 градусқа дейін, солтүстігінде және шығысында +10...+17 градусқа дейін, республиканың орталығында +13...+24 градусқа дейін, оңтүстігінде +21...+30 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +18...+27 градусқа дейін, таулы аудандарда +10...+15 градусқа дейін көтеріледі.

Қазақстанда алдағы күндері 30 градусқа дейін аптап ыстық болады: қай өңірлерде күн күрт ысиды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.