Кейбір қазақстандықтар үшін паспорт рәсімдеу уақыты қысқаруы мүмкін: бұл кімге қатысты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Сыртқы істер министрлігі "Ашық НҚА" порталында паспорт рәсімдеу уақытын қысқартуды көздейтін бұйырық жобасын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Құжат "2020 жылғы 12 мамырдағы № 11-1-4/149 "Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрық жобасы" деп аталады.
Бұйырық жобасында құжат, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін 90 күннен 40 жұмыс күніне дейін қысқарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленгені айтылған.
Сонымен қатар ескірген нормалар мен сілтемелерді алып тастау қарастырылған, соның ішінде "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы заңының және Цифрлық кодекстің өзгерістеріне байланысты редакциялық сипаттағы өзгерістер енгізіледі.
"Бұйрық жобасының мақсаты – "Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу" мемлекеттік қызметін ұсыну мерзімдерін қысқарту болып табылады.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке әсер етпейді", - делінген бұйрық жобасының сипаттамасында.
Құжат 2026 жылғы 6 сәуірге дейін қоғам талқылауында болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2357940-keibir-qazaqstandyqtar-ushin-pasport-rasimdeu-uaqyty-qysqaruy-mumkin-bul-kimge-qatysty/