Қазақстанда 300-ге жуық елдімекенде су тасқыны жүріп өту қаупі сейілмей тұр
Жарияланған күні:
Читать на русском
Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан тұрғындарын су тасқынынан қорғау шаралары жөнінде ақпар ұсынды: 272 елдімекенде су тасқыны жүріп өту қаупі әлі де сейілмей тұр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында хабарланғандай, 27 наурызда ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығында елдегі су тасқыны жағдайы талқыланды.
ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының орынбасары Әсет Жылқайдаров жедел ақпаратты ұсынды.
"Елде су тасқыны кезеңіне дайындық алдын ала басталған болатын. Қазіргі таңда жоспарланған су тасқынына қарсы іс-шаралардың 92 пайызы орындалды.
1 наурыздан бастап ТЖМ-нің жедел су тасқынына қарсы штабы жұмыс істеп жатыр, жағдай тәулік бойы бақылауда, барлық қызметтің әрекеті нақты уақыт режимінде үйлестіріледі.
Өңірлерде ауқымды жұмыстар жүргізілді: бөгендер нығайтылды, өзен арналары тазартылды және тереңдетілді, дренаж жүйелері мен каналдар жөнделді, су өткізу құрылыстары жаңартылды", - дейді министрлік өкілдері.
Ведомство мәліметінше, бұл шаралар нәтижесінде:
- 234 елдімекен қорғалды;
- 736 елдімекен үшін су басу қаупі төмендетілді.
- 1 242 су тасқыны қаупі бар елдімекеннің 272-сі үшін қауіп әлі де сақталуда.
Оңтүстік өңірлерде су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды. Қазір су тасқынының шарықтау кезеңі Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай мен Абай облыстары бақылауға алынған.
Наурыз айының басынан бері Абай облысында жеке тұрғын үйлерді су басудың 6 жағдайы тіркелді. Олар ауа температурасының күрт жылынуы мен жауын-шашынның салдарынан болған. Қазіргі таңда барлық салдары жойылды.
Автожолдарда барлығы 22 судың тасуы және 1 жолды су шаю фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта 5 жағдай бақылауда.
Жағдай жерден де, әуеден де бақылануда: 13 өңірде 29 әуеден барлау жүргізіліп, 196 елдімекен қамтылды. Мониторинг жалғасуда.
Сонымен қатар алдын алу шаралары іске асырылып жатыр:
- 7 млн м³-ден астам қар шығарылды
- 126 мың тонна жанар-жағармай қоры дайындалды
- 374 мың тонна инертті материалдар әзірленді
- 4,5 млн қап қоры қалыптастырылды
- 275 мың м²-ден астам аумақта 192 учаскеде мұз жару жұмыстары жүргізілді
"Жедел әрекет ету үшін ауқымды күштер тобы жасақталған: 39 мыңнан астам адам, 12 мыңнан астам бірлік техника, 4 мыңнан астам су сору құралдары және 700 жүзу құралы дайын.
Барлық қызметжоғары дайындық режимінде жұмыс істеуде. Қажет болған жағдайда күштер жедел түрде күшейтіліп, шешімдер жедел қабылданады", - деп қосты министрлік өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2358705-qazaqstanda-300-ge-zhuyq-eldimekende-su-tasqyny-zhurip-otu-qaupi-seiilmei-tur/