jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Ақтау тұрғындары Каспий теңізіне белгісіз сұйықтық ағып жатқанына шағымданды (видео)

Құбырдан ағып жатқан сұйықтық
Құбырдан ағып жатқан сұйықтық. Кадр: lada.kz

Ақтау тұрғындары Каспий теңізіне белгісіз сұйықтық ағып жатқан құбырды көріп, дабыл қақты. Экологтар тексеріс жүргізе бастады, деп хабарлайды Lada.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тұрғындардың айтуынша, құбыр бұрын су астында көрінбей жатқан. Алайда Каспий теңізінің таяздануына байланысты ол көзге түсіп, құбырдан белгісіз сұйықтық ағып жатқанын жағалаудан-ақ байқауға болады. Куәгерлердің сөзіне сенсек, бұл мәселе талай мәрте көтерілген.

Ұсынылған кадрларға қарасақ, құбырдан теңізге сұйықтықтың ағып жатқанын байқауға болады.

Маңғыстау облыстық экология департаменті бұл мәселе бойынша жұмыстар қазірдің өзінде жүргізіліп жатқанын хабарлады. Мамандар оқиға орнына барып, су сынамаларын алды. Талдау нәтижесінде зиянды химиялық заттар анықталмады.

Соған қарамастан, мән-жайды одан әрі анықтау үшін Жайық-Каспий бассейнінің су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі инспекциясына сұраным жіберілді. Өз кезегінде ведомство құбырдың иесін анықтау үшін материалдарды Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне жіберді.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Жауапты тараптар анықталғаннан кейін тиісті шаралар қабылданады.

Ақтау тұрғындары Каспий теңізіне белгісіз сұйықтық ағып жатқанына шағымданды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.