jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Алматы тауларында бес жасөспірім адасып кетті

Құтқарылған жасөспірімдер
Құтқарылған жасөспірімдер. Фото: t.me/qr_tjm

Құтқарушылар Алматы тауларында қалып қойған бес жасөспірімді құтқарды. 2009 туған кәмелетке толмаған балалар Күмбел шыңына шыққан. Жолда олардың бірінің дерті асқынған, деп хабарлайды ТЖМ.

ТЖМ өкілдерінің хабарлауынша, "112" пультіне Алматы тауларында бес жасөспірімнің жоғалғаны туралы хабар түскен. Жасөспірімдердің бірінің әкесі 2009 жылы туған жасөспірімдер Күмбел шыңына көтеріліп, кейін "Үш ағайынды" шыңы маңына (шамамен 3000 м) түскенін, одан кейін кері қайтқанын хабарлаған. Осыдан кейін олармен байланыс үзілген. Әкесі ұлының демікпе ауруына шалдыққанын ескеріп, бірден құтқарушылардан көмек сұраған.

"Іздестіру жұмыстарына дереу Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің экипажы, "Барыс" республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары және ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері жұмылдырылды.

Бір сағаттан кейін құтқарушылар топпен көзбен байланыс орнатты — арақашықтық шамамен 1,5 км болды.

Жасөспірімдердің бірінде ауру асқынып (бронхиалдық демікпе ұстамасы), ол қарда жүретін техникамен эвакуацияланып, АМО бригадасына тапсырылды. Қалған төртеуі құтқарушылардың сүйемелдеуімен жаяу түрде Көкжайлау шатқалына дейін түсіріліп, қалаға жеткізілді.

Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері заманауи реанимобильде зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ингаляция жасап, кейін оны үйіне жеткізді", - делінген хабарламада.

Барлық жасөспірім табылған. Олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ.

Алматы тауларында бес жасөспірім адасып кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.