jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Дереу хабарлаңыз": Астана тұрғындарына краннан жасыл түсті су ағуы мүмкін екені ескертілді

краннан ағып тұрған су
Краннан ағып тұрған су. Иллюстрациялық фото: pexels.com

4 сәуірде Астанада жылу желілерін тексеру барысында краннан жасыл түсті су ағуы мүмкін, деп хабарлайды "Астана-Теплотранзитке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 4 сәуірде жылу желілерінің контурына "Натрий флуоресцеині" (бұдан әрі – Уранин А) органикалық бояғышы жіберіледі.

Бұл шара құбырлардың жасырын ақаулары, су қыздырғыштардың бекітуші арматурасы мен тұтынушылардың жылу желілерінің тығыз еместігі арқылы желілік судың ысырап болуын анықтауға және оларды уақтылы жою шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

"Уранин А адам ағзасы үшін қауіпсіз, ол жылумен жабдықтау жүйесінде бояғыш индикатор ретінде пайдалануға рұқсат етілген.

Бояғышты қолдану құбыр суының сапасына әсер етпейді, алайда оның ыстық сумен жабдықтау жүйесінде (ЫСЖ) пайда болуы су ысытқыштың зақымдалғанын білдіреді. Краннан жасыл түсті ыстық су аққаны байқалған жағдайда, дереу келесі нөмірлерге хабарласу қажет", - делінген хабарламада.

  • iKOMEK 109 қызметіне;  
  • "Астана-Теплотранзит" АҚ жедел-диспетчерлік қызметіне: 77 12 00, 77  12 11 (тәулік бойы). 
"Дереу хабарлаңыз": Астана тұрғындарына краннан жасыл түсті су ағуы мүмкін екені ескертілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.