jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Болашақ" тізімінен АҚШ-тың танымал университеттері алынды: ғылым және жоғары білім министрі себебін айтты

Аудиторияда отырған студенттер
Аудиторияда отырған студенттер. Көрнекі фото: pixabay.com

Үкіметтегі брифингте ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға болатын университеттер тізімінен бірнеше АҚШ университетінің алып тасталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ғылым және жоғары білім министрінің айтуынша, соңғы жылдары АҚШ-тың бірнеше университеті, атап айтқанда, Бостон университеті, Дэйвистегі Калифорния университеті және Оңтүстік Калифорния университеті Қазақстан азаматтарын тым көп қабылдады.

"Бұлар өте мықты, жоғары рейтингке ие университеттер. Біз осы университеттерге тиісті сұраулар жібердік: "Сіздер қалайша жыл сайын ондаған, тіпті Бостон университетіне жүз шақты шақыру хаттарын жібересіздер, ал түсу қиын, бірақ сонша адам қабылданады" деп.

Онда оқуға түсуге кепілдік беретін компаниялар жұмыс істейтін болып шықты. Біз осы университеттермен келіссөздер жүргізіп, "Осы компаниялардың барлығын алып тастаңыздар, әйтпесе біз сіздерді тізімнен сызып тастаймыз" дедік. Өйткені, бізге сапа керек. Бұл университеттер ұсынысымызды қабылдамады, сондықтан біз осы шешімді қабылдауға мәжбүр болдық", - деді Саясат Нұрбек.

"Болашақ" тізімінен АҚШ-тың танымал университеттері алынды: ғылым және жоғары білім министрі себебін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.