"Болашақ" бағдарламасына қандай өзгерістер енгізілетіні белгілі болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Үкімет отырысынан кейінгі брифингте ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек "Болашақ" бағдарламасына алдағы уақытта енгізілетін өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Саясат Нұрбектің сөзінше, стипендиялардың саны біртіндеп азаяды.
"Бұрын ғылыми тағылымдамаға 500 орын болған, қазір 250-ге азайттық. Мұның бірнеше себебі бар. Ең алдымен, біз сапаға көңіл бөлгіміз келеді. Біз "Болашақтан" жалпы білім беру пәндерін біртіндеп алып тастаймыз. Соңғы үш жылда бағдарлама мамандандырылған салаларға бағытталып келеді. Соңғы шешім – атом энергетикасы үшін кадрлар. Былтыр жасанды интеллект бойынша 100 маман туралы шешім қабылданды. Біз сондай-ақ киберқауіпсіздікке бөлек назар аударып отырмыз", - деді ол.
Министрдің айтуынша, бағдарлама біртіндеп өзгеріп, жалпы білім беру бағдарламаларынан алшақтай бастады.
"Бізде 90-нан астам мамандық болды. Енді оны ("Болашақ" бағдарламасын – редактордың ескертпесі) қажеттілігі жоғары мамандықтарға арналған мақсатты, арнайы бағытталған оқыту құралына айналдырғымыз келеді", - деді Саясат Нұрбек.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2359933-bolashaq-bagdarlamasyna-qandai-ozgerister-engiziletini-belgili-boldy/