jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматы тұрғындары өзге өңірлерден келген полиция көліктерінің көптігіне таңғалды

полиция көліктері
Полиция көліктері. Фото: threads.com/@kserikkyzyy

Алматы көшелерінде полиция көліктерінің көбейгені, оның ішінде Қазақстанның түрлі облысынан келген патруль көліктері байқалады. Ішкі істер министрлігі мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желіде жарияланған видеолардан еліміздің өзге өңірлерінен, оның ішінде Астана қаласы, Қарағанды облысынан келген патруль көліктерінің колоннасын көруге болады.

Алматылықтар бұған қатысты әзілдеп, желіде түрлі пікір қалдыруда.

"Қарағанды алға, Алматы дайындал", "Ал, балалар, дайынсыңдар ма?", "Алматыда жарысатындарды ұстаңдар, дұрыс", "Енді байдың балалары ешкімге қонырау шала алмайды", " Ақ көліктің жүргізушісі өмірінде былай терлеп көрмеген шығар", "Барлығы тынышталғанша метро лық толы болады деп ойлаймын", - деп жазған желі қолданушылары.

Бұған қатысты Ішкі істер министрлігі өкілдері пікір білдіріп, құқықтық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жоспарланған шаралар тұрақты негізде жүзеге асырылып жатқанын хабарлады.

"Мұндай тәжірибе жүйелі түрде болады және елдің барлық өңірінде жедел және қылмыстық жағдайды ескере отырып жүзеге асырылады.

Қажет болған жағдайда, практикалық көмек көрсету және алдын алу жұмыстарын күшейту үшін жекелеген облыстарға қосымша бөлімшелер жіберіледі.

Басты мақсат – жағдайды жедел жақсарту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін жақсарту", - дейді Ішкі істер министрлігі өкілдері.

Ведомстводағылар барлық іс-шара қолданыстағы заңнама шеңберінде қатаң түрде жүзеге асырылатынын атап өтті.

Алматы тұрғындары өзге өңірлерден келген полиция көліктерінің көптігіне таңғалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.